Қазақстан полициясы трансұлттық есірткімен айналысатын қылмыстық топты құрықтады

Фото: Zakon.kz
Жетісуда полиция трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.

Жетісуда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау бойынша операция жүргізді.

Ұсталған топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған.

"Анықталғандай, жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Ұстау кезінде олардан шамамен 6 кг мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда.

"Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Қуандық Әлжанов.
Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін