ШҚО-да ақтүтек боран соғып тұр

Фото: Zakon.kz
Еліміздің шығысында да өткен түннен бері ақтүтек боран соғып тұр.

Таңнан бері өңірдегі автокөлік жолдарының көбі жабық. Ал таулы аудандарда қазір қардың қалыңдығы 2 метрге жетіп қалды. Алайда оған қарамастан жолға шығып кетіп қар құрсауында қалғандар бар.

Еліміздің шығысында өткен аптаның соңында борансыз ақ ұлпа қар жауа бастаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Алтай, Қатонқарағай, Үлкен Нарын және Марқакөл, аудандарында әлі жауып тұр. Сондықтан коммуналдық мекемелер тоқтаусыз жұмыс істесе де қалың қарды шығарып үлгермей жатыр.

Ал бүгін таң ата боран соқты. Кейбір аумақтарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетті. Өскемен-Тарғын-Самар тас жолы және Өскемен-Алматы бағыты жабылды.

Сондай-ақ Өскемен-Шемонаиха арқылы Ресейге шығатын жолға да шектеу қойылды.

Бірақ оған қарамастан жолға шығып қар құрсауында қалған екі жүк көлігіне төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары көмекке барды.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек