Зергердің алаяқтығы: Қарағандыда полиция 30 азаматты алдаған күдіктіні ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне қаланың 43 жастағы тұрғыны арызбен шағымданды. Әйел арызында алтын бұйымдарын тазалауға және үзілген жерін жалғап беруге зергерге тапсырғанын жазды.

Бұл жұмыстар үшін зергер жәбірленушіге қосымша уақыт қажеттігін айтқан. Сөйтіп, азаматша алтындарын сол жерге қалдырып кеткен.

Алайда келісілген уақытта алтын бұйымдардың иесі әшекейлерін алып кетуге барғанда, зергер үлгермегенін айтып, тағы да қосымша уақыт сұраған.

Арада үш ай өткен соң зергердің алаяқ екенін түсінген жәбірленуші полицияға арызданды. Оған келтірілген шығын көлемі 854 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері 45 жастағы зергерді анықтады. Күдікті азамат ақшадан қысылғанын айтып, жәбірленушінің алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп жібергенін түсіндіріп, кепілдік билетін көрсетті.

Тәртіп сақшылары кепілдік билетімен ломбардқа алтын бұйымдарды өткізуге келгенде күтпеген жағдайға тап болды. Белгілі болғандай, зергер бұл ломбардқа жалпы құны 10 млн теңгеден астам ақшаға 64 алтын бұйым өткізгенін анықтады.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін