Несие рәсімдеу кезіндегі алаяқтық: Павлодарда банк қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды

Фото: Zakon.kz
Павлодарда жосықсыз банк қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы 2025 жылдың 3 ақпанында облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтыланғандай, полиция телефон арқылы алаяқтық жағдайларының көбеюіне және зардап шеккендердің атына несие рәсімдеуге байланысты банк қызметкерлеріне қатысты қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Мысалы, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарының қызметкерлері жәбірленушілердің жеке басын биометриялық сәйкестендірусіз кредиттер бере отырып, өз міндеттерін тиісінше орындамады. Қажетті тергеу әрекеттері тағайындалды. Тергеу жалғасуда". Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері аймақта алаяқтықтың 173 жағдайы тіркелген, оның 126-сы ақпараттық технологиялар саласына жатады.

Бұған дейін елордада талайды сан соқтырған "алаяқ" әйел қолға түскендігі хабарланған болатын. 

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді