Елордада талайды сан соқтырған "алаяқ" әйел қолға түсті

Астаналық әйел полицияға алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, қаскөй Қытайдан тауарлардың әртүрлі түрлерін арзан бағамен жеткізуге уәде берген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, жәбірленушінің сеніміне кіру үшін алаяқ көрсетілген қызметтер туралы жалған оң пікірлерді көрсеткен.
"Алаяқтың танымал мессенджерде жалпы чат ашқаны анықталды, онда ол қажетті тауарлардың суреттерін тастап, егер 100-200 дана тапсырыс берілсе тауардың құны айтарлықтай арзандайтынын айтқан. Мұндай алдау схемасы жергілікті тұрғынды бірден "құрығына" түсірген",- деді 2025 жылдың 3 ақпанында Астана ПД баспасөз қызметі.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлерімен 35 жастағы әйел анықталды, ол тауарды алаяқтық жолмен жеткізу сылтауымен 3,5 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иемденді.
"Күдікті қамауға алынды. Фигурантқа қатысты бұрын 16 қылмыстық іс тіркелгені белгілі, онда жалпы залал сомасы шамамен 200 млн теңгені құрады". Астана ПД баспасөз қызметі
Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге шақырады.
Бұған дейін Бішкек әуежайында алаяқтық жасаған қазақстандық әйел ұсталғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript