Павлодарда тұрғындарды сан соқтырған алаяқ қолға түсті

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2024 13:11 Сурет: Zakon.kz
Жедел уәкілдер алаяқтық жасады деген күдікпен Павлодар қаласының тұрғынын ұстады. Ер адам әлеуметтік желінің әртүрлі ресурстарында жиһаз сату туралы хабарландыру беру арқылы облыс тұрғындарын алдаған.
"Тергеу барысында 32 жастағы күдіктінің Telegram қосымшасында курьер ретінде жұмыс тапқаны анықталды. Оның міндеттеріне ақша түсетін әр түрлі банктердің шоттарын беру кірді. Әр түсім үшін 30% және әр түрлі шығындар үшін 10% уәде етілген. Полицейлер оның осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр", – дейді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Ұсталған адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Тәртіп сақшысы ақпараттық және профилактикалық жұмыстарға қарамастан полицияға алданған азаматтардан өтініштер түсе беретінін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: