Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ қолға түсті

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 13:38 Сурет: Zakon.kz
Жедел-іздестіру шаралары барысында Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 28 жастағы Астана тұрғынын анықтады.

Оның азаматтарды алдау бойынша 6 фактіге қатыстылығы белгілі болды. Ол жылжымайтын мүлік сайтында жалға берілетін жылжымайтын мүлік туралы жалған хабарландырулар жариялаған.

Пәтердің интерьерінің түрлі-түсті фотосуреттерін көрсетіп, тұрғын үйді арзан бағамен жалға берем деп адамдарды үміттендіріп, пәтер жалдауға хабарласқандармен мессенджер немесе телефон арқылы үзіліссіз үгіттеу сөздерін жүргізген.

Сөйтіп оңай жолмен келген олжасын онлайн аударымдар арқылы алып отырған. Мәселен осы жағдай бойынша 58 жастағы Астана тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, пәтер жалдауға бел буып, бейтаныс адамға 10 мың теңге беріп, пәтерді брондатқан фактісі де тіркелген.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр. Алаяққа қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы таңдалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: