Қостанайда бірнеше рет көлікті заңсыз айдап кеткен жас жігіт ұсталды

Фото: Zakon.kz
3 ақпаннан 4 ақпанға қараған түні Қостанай қаласында 18 жастағы жігіт патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын аударды.

Ол ұрланған ВАЗ-2114 автокөлігімен жасырынуға тырысып, жол ережелерін өрескел бұзды. Дегенмен, полиция қызметкерлері қызметтік көлікке және ұрланған көлікке зиян келтірместен, оны тығырыққа тіреп, қолға түсірді.

Ұстау барысында күдікті бірнеше рет қарсы жолаққа шығып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, маневр жасау ережелерін елемеді. Сондай-ақ жол белгілеріне мән бермей, басқа жүргізушілер үшін төтенше жағдай туғызды.

Тексеру барысында күдіктінің жүргізуші куәлігі жоқ екені және оның бұған дейін де көлікті заңсыз айдап кетудің екі дерегіне қатысы бар екені анықталды. Өткен жылдың қараша айында көлік иесі жылдамдықты асырғаны үшін өз атына бірнеше айыппұл келгенін байқаған.

Алайда иесі аулаға шыққан кезде көлігі орнында тұрған. Бірақ көлік салонында тамақ қалдықтары мен темекінің күлі болған, бұл бөтен адамның көлікті пайдаланғанына дәлел болды. Осы жайт бойынша жәбірленуші полицияға арыз жазған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Көлікті заңсыз иемденгені үшін ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар автокөлікті рұқсатсыз басқарғаны үшін сот күдіктіні 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті