Түркістан облысында полиция халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Келес ауданының полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында үш жылдан астам халықаралық іздеуде жүрген 60 жастағы ер адамды ұстады.

Жедел уәкілдер тиянақты жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде іздеуде жүрген қылмыскерді Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тапты.

Күдікті 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуге берілген.

Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. Тергеу барысында күдіктінің қылмысқа қатысы бар екені толық дәлелденіп, жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты