Әлеуметтік демалыс деген не және ол кімдерге беріледі

Фото: unsplash
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 17 ақпанда әлеуметтік демалыс кімге және не үшін берілетіндігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Бибарыс Тәңірбергенұлының айтуынша, Еңбек Кодексінің 87 бабына сәйкес қызметкерлерге әлеуметтік демалыс алу құқығы беріледі. Атап айтқанда: 

"Әлеуметтік демалыс - бұл ана болу үшін қолайлы жағдайлар жасау, скрингтік зерттеуден өту, балаларды күту,  өндірістен қол үзбей білім алу және басқа да әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату".  Бибарыс Тәңірбергенұлы

Оның айтуынша, көрсетілген демалысты беру жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді. 

"Егер ҚР Заңдарында өзгешелік көзделмесе, әлеуметтік демалыста болу кезеңі еңбек өтіліне есептелетінін атап өткен жөн",- деп қорытындылады маман. 

Бұған дейін ҚР Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тапсыратын колледж түлектеріне жүгінгендігі хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін