ҚР Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тапсыратын колледж түлектеріне жүгінді

ЕНТ, центр тестирования, ученики, школьники, экзамены, компьютеры, выпускной класс, выпускники, тестирование, тесты  , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2025 12:07 Фото: Национальный центр тестирования
Еліміздің Ұлттық тестілеу орталығы бүгін, 2025 жылғы 17 ақпанда колледж түлектеріне арналған шұғыл ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 2019 жылдан бастап барлық колледж түлегі ҰБТ тапсыратындығын, КТА дегеннің жоқтығын еске салды.

"Сіздер ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра аласыздар: мамыр-маусым айларында (негізгі ҰБТ деп аталып, қатысуға 2 мүмкіндік беріледі), наурыз, тамыз айларында (егер колледжде бітірген мамандығыңызды жалғастырмаған жағдайда)",- деп мәлімдеді орталық.

ҰБТ-ға тіркелу www.app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылады.

Наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ

"Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, басқа мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік) бойынша ҰБТ тапсырасыз",- делінген ақпаратта.

Ол үшін тіркелу сайтында "Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері" тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.

  • Тест тапсырмалар саны – 120;
  • Жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут);
  • Жоғары балл саны – 140.
"Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, шығармашылық мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 2 пән (Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы) бойынша ҰБТ тапсырасыз. Шығармашылық емтихан ЖОО-да өтеді". ҚР Ұлттық тестілеу орталығы

Ол үшін тіркелу сайтында "Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері" тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.

  • Тест тапсырмалар саны – 30;
  • Жалпы уақыты – 70 минут;
  • Жоғары балл саны – 30.

Негізгі ҰБТ (мамыр-маусым)

"Егер сіз колледждегі мамандығыңызды жалғастырып, грант негізінде жоо-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, өтініш беру бөлімінде "Қысқартылған оқуға түсетін колледж бітірушілері" санатын көрсетесіз",- деп мәлімдеді ведомство.

ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырасыз.

  • Тест тапсырмалар саны – 60;
  • Жалпы уақыты – 2 сағат (120 минут);
  • Жоғары балл саны – 70;
  • Шекті деңгей балы – 25, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.

Егер сіз колледжді шығармашылық дайындықты талап ететін мамандық бойынша бітіріп, ары қарай осы мамандық бойынша грант конкурсына қатысқыңыз келсе, онда ҰБТ-ны арнайы пәннен тапсырасыз. Шығармашылық емтихан жоо-да өтеді. Тестілеудің жалпы уақыты – 1 сағат 20 минут (80 минут).

Егер сіз колледждегі мамандығыңыз бойынша АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ жоо-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, ҰБТ тапсырмайсыз. Құжаттарыңызды жоо-ның қабылдау комиссиясына өткізесіз.

"Мұқият оқып, ҰБТ-ға өтініш беретін кезде қателесіп кетпеулеріңізді сұраймыз!",- деп қорытындылады ҚР Ұлттық тестілеу орталығы.

Бұған дейін Жамбыл облысында ауруханадан 350 млн теңге ұрлаған хакер ұсталғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: