Алматыда заңсыз қайта жабдықталған автобустар айыппұл тұрағына қойылды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың салдарын азайту мақсатында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және көлік апаттарының санын азайту. Сондай-ақ жүргізушілер арасында профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қатаң бақылауға алу.

"Қауіпсіз жол" шеңберінде полиция қызметкерлеріне жүктелген басты міндет – жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау және олардың алдын алу. Олардың қатарында мас күйінде көлік басқару, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану сынды өрескел құқық бұзушылықтар бар.

Сонымен қатар апаттық жағдай тудыруы мүмкін көлік құралдарын анықтауға ерекше назар аударылады. Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік мәселесі де басты назарда.

Осы мақсатта полиция қызметкерлері автопарктер мен тұрақтарды аралап, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ оқу орындарында студенттерге арналған қауіпсіздік тақырыбындағы семинарлар өткізу жоспарланған.

"Таңертең жүргізілген рейд барысында қалааралық екі автобус жолдан шығарылды. Тексеру барысында олардың заңсыз қайта жабдықталғаны анықталды. Бұл біздің тәжірибеміз көрсеткендей, орны толмас қайғылы оқиғаларға себеп болуы мүмкін", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Анықталған екі автобус арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі