Қазақстандық полицейлер Өзбекстанда қарақшылық жасаған шетелдіктерді ұстады

Фото: pexels
Құқық қорғау органдарының жеделдігі, үйлесімді жұмысы және цифрлық шешімдердің мүмкіндіктері өз тиімділігін көрсетті.

Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады.

Ташкентте ер адамдар бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің белсенді қарсылығының арқасында шабуылдаушылар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған.

Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан. Қарақшылық жасалғаннан кейін, іздеуге жарияланбастан бұрын қаскөйлердің екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды