Павлодарда күзетші ұрған оқушының жағдайы белгілі болды

Сурет: pixabay
Павлодарда күзетші ұрған оқушының жағдайы белгілі болды. Дәрігерлер зардап шеккен баланы қарап шықты, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

19 ақпанда сағат 16:40-та облыстық балалар ауруханасына 2012 жылы туған ер бала жүгінді. Оқушының сөзінше, оны мектептегі күзетші ұрған.

Ер баланы кезекші травматолог қарады. Оған кеуде қуысының көгеруі диагнозы қойылды. Оқушы амбулаториялық бақылауға үйге жіберілді. 

Еске салайық, павлодарлық мектептердің бірінде мас күзетші 6-сынып оқушысын ұрған. Облыстық полиция департаменті кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты