Павлодар мектебінде мас күзетші оқушыға шабуыл жасады

Павлодарда полиция мектептердің бірінде жасөспірімге дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның ақпаратынша, 19 ақпанда мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеудесіне соққы берген. Нәтижесінде кәмелетке толмаған бала ауруханаға түсті.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар, оқиғадан кейін күзетші медициналық айықтырғышқа орналастырылды. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін жауапқа тартылды, айыппұл салынды",-деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ полиция Облыстың білім басқармасына күзетшінің жұмыс орнында осындай жағдайда болуына жол берген мектеп басшылығын жауапқа тарту туралы ұсыныс жолдады.
Бұған дейін Жетісу облысында 8,1 млн теңгеге күдікті аударымдар бұғатталғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript