Жетісу облысында 8,1 млн теңгеге күдікті аударымдар бұғатталды

Нәтижесінде 300-ден астам "дроппердің" деректері анықталып, 8,1 млн теңге көлеміндегі ақша аударымдары бұғатталды.
Жәбірленушілерге ұрланған қаражатты қайтару үшін сотқа талап арыз беру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тек 2025 жылдың қаңтар айында "дропперлерге" қатысты негізсіз байыту фактісі бойынша сотқа 18 талап арыз беріліп, оның 12-сі (23,8 млн теңге сомасында) қанағаттандырылды, қалғандары қаралу сатысында.
Қазіргі уақытта жәбірленушілерге 11 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Сонымен қатар, қылмыстық іс шеңберінде 11 жәбірленушінің 27 млн теңге сомасындағы несиелері бойынша төлемдер мен есептеулер уақытша тоқтатылды.
Жетісу облысының прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға және интернет-алаяқтардың айла-амалдарына алданып қалмауға шақырады.