Жетісу облысында өзгенің банк шоттарын алаяқтарға берген екі қылмыстық топ әшкереленді
Сурет: freepik
Жетісу облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабының 7-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 12 эпизоды анықталды.
Алаяқтық әрекеттер салдарынан азаматтарға келтірілген жалпы материалдық залал 22 млн теңгеден асты.
"Қылмыстық істердің бірі бойынша 2026 жылғы 1 маусымда сот 6 сотталушыға қатысты айыптау үкімін шығарды. Оларға 1 жыл 6 айдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді. Екінші қылмыстық іс соттың қарауында". Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі
Облыстық прокуратура банк шотына, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына заңсыз қол жеткізу мүмкіндігін беру, табыстау не сатып алу, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүддесі үшін төлемдер жасау және (немесе) ақша қаражатын аудару қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.
Алаяқтық схемалардың құрбаны болмау үшін азаматтарға банк карталарын, банк шоттарының деректемелерін, SIM-карталарды, растау кодтарын және мобильді банкингке қол жеткізу деректерін үшінші тұлғаларға бермеу ұсынылады. Мұндай әрекеттер алаяқтыққа қатысу ниеті болмаған жағдайда да қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін.
Бұған дейін СҚО-да суицид пен экстремизмді насихаттайтын Telegram арналар бұғатталғанын жазғанбыз.