Жетісу облысында азаматтарды алдап келген қылмыстық топ әшкере болды
Сурет: gov.kz
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары бүкіл ел бойынша алдау жолымен алаяқтықпен және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталуда.
Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады, зардап шеккендер саны өсіп жатыр.
"Құрметті азаматтар қырағы болып, банктік шоттардың деректемелерін ешкімге бермеңіздер, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша аудармаңыздар".Жетісу облысының прокуратурасы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript