Жетісу облысында есірткі зертханасын құрғаны үшін екі азамат сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон   , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2024 16:20 Фото: Zakon.kz
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ҰҚК Департаменті синтетикалық есірткі өндіретін астыртын зертхананың жолын кесті.

Атап айтқанда, П және Т. атты екі азамат қылмыстық келісімге келе отырып, синтетикалық есірткі өндіру және сату үшін Текелі қаласынан үй жалдаған.

Есірткі зертханасын тінту кезінде 21 кг психотроптық заттар мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді (есірткі заттарды орау үшін электронды таразылар, пакеттер, фольга, изолента және т.б.)

Сот үкімімен екеуі де 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: