Жетісу облысында 10 келіден аса "мефедрон" тәркіленіп, бес күдікті қамауға алынды

Мефедрон, есірткі, Жетісу облысы, ірі зертхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 18:22 Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік және полиция департаменттерімен синтетикалық есірткі өндіретін екі жасырын зертханалардың жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз айналымнан 10 келіден астам "мефедрон", шамамен 5 келі сұйықтық (кристалдану процесінде), 200 литр прекурсорлар, электронды таразылар, синтетикалық есірткі өндіру нұсқаулары бар дәптер, сұйықтық құйылған канистрлер, сондай-ақ "синтетик" өндіруге арналған құрылғылар тәркіленді.

"Соттың санкциясымен бес күдікті қамауға алынды, оның екеуі - шетел азаматтары. Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді". Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Бұған дейін Ақтөбе тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана тәркіленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: