Ұлттық қауіпсіздік комитеті құны 150 миллион теңге болатын мефедронмен алматылық тұрғынды ұстады

Есірткі зертханасын жою туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2024 11:44 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттің мәліметінше, 2024 жылдың 6 ақпанында Алматы қаласының іргесіндегі жеке үйлердің бірінде есірткі зертханасының ұйымдастырушысы, 1995 жылы туған Қазақстан азаматы психотроптық заттарды дайындау барысында қылмыс үстінде ұсталған.

"Тінту барысында 40 мың бір реттік дозаға эквивалентті 8 кг артық "мефедрон" психотроптық заты, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды." ҰҚК баспасөз қызметі

Анықталған есірткінің "қара" нарықтағы алдын ала құны 150 млн теңгеден артық сомаға бағаланады.

"Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде." ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР Қылмыстық-процестік Кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: