ҰҚК ірі есірткі зертханасының қызметін тоқтатты

ҰҚК ірі есірткі зертханасының қызметін тоқтатты , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2026 11:59 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство дерегіне сүйенсек, 2026 жылғы мамырда Алматы облысында психотроптық заттарды дайындап жатқан жерінде Қазақстан азаматы ұсталды.

"Тінту барысында 3 кг психотроптық "а-PVP" заты, кристалдану сатысындағы 15 кг өнім, 700 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген". ҚР ҰҚК

Қазір қылмыстық кодекстің 297-1-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды". ҚР ҰҚК

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін полицейлер Алматы маңындағы есірткі зертханасын жойғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: