Елордада полицейлер жоқ үйлерді жалға берумен айналысқан әйелді ұстады

Фото: Zakon.kz
Астана қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында интернет арқылы жоқ үйлерді жалға беріп, алаяқтық жасаған 29 жастағы азаматшаны қолға түсірді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті Krisha.kz сайтында жалған хабарландырулар орналастырып, Астана, Алматы қалаларында және "Бурабай" демалыс базасында пәтерлер мен үйлерді жалға беремін деп уәде еткен.

Ол жәбірленушілермен хат алмасу барысында сенімге кіріп, алдын ала төлем жасауды сұраған. Алайда ақша түскеннен кейін пәтер иесімен байланыс үзіліп, азаматтар алданып қалған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ұсталып, өзінің кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оның бес алаяқтық эпизодқа қатысы бары анықталды. Полиция тұрғындарды сақ болуға, кез келген қаржылық операция жасамас бұрын ақпаратты мұқият тексеруге шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі