Шымкентте есірткі таратқан екі күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Күдіктілерді полиция "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыруға бағытталған арнайы іс-шаралар барысында ұстады.

Синтетикалық есірткі таратумен айналысқан 28 және 31 жастағы әйелдер қала аумағында есірткі орамаларын жасырып, орындардың координаттарымен мессенджерде бөлісіп отырған.

Қылмыстық әрекетін жүзеге асыру үшін олар жалға пәтер алып, онда есірткі заттарын дозаларға бөліп ораумен айналысқан.

Ұсталғандардан жалпы салмағы 90 грамды құрайтын мефедрон салынған 60 орама тәркіленді. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда.

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізгені үшін олар ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды