Қызылорда облысында жоғалып кеткен ауыл тұрғыны аман-есен табылды

Фото: polisia.kz
Қызылорда облысында мал бағуға шығып, жоғалып кеткен ауыл тұрғыны аман-есен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы Шиелі ауданының 32 жастағы тұрғыны мал бағуға шығып, үйіне қайта оралмағаны жөнінде "102" арнасына хабарлама түседі.

Шиелі ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы дереу іздестіру жұмыстарын бастады. Полицейлер, Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындарынан арнайы топ құрылып, іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізілді.

Ауданның барлық ауылдары, далалық жолдар түгел қамтылды. Іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жоғалған азаматты тау етегіндегі жайылымнан аман- есен тапты.

Ол мал бағуға мотоциклімен шығып, жолда жанар-жағар майы таусылып, телефоны сөніп, адасып кеткен. Іздестіру шараларына қатысқан барлық қызметкерлердің жедел әрі тиімді әрекеттері нәтижесінде жоғалған адам аман-есен табылып, отбасымен қауышты.

Азаматтың жұбайы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы