Алматыда заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сот шешімі бойынша Медеу ауданындағы 3-ші көше, 12-учаске бойына салынған нысанды бұзу басталды, деп хабарлайды Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы.

Құрылысқа рұқсат беру құжаттарының пакеті жоқ, ол жоспардан тыс тексеру барысында анықталды.

Нәтижесінде меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданды.

Меншік иесі нұсқаманың талаптарын орындамағандықтан, бұзу туралы талап арыз аудандық сотқа жіберілді.

2024 жылғы 7 ақпанда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың талап арызы қанағаттандырылды. 2024 жылғы 27 мамырда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Нысанды бұзу бүгін қаланың Әділет департаментінің қатысуымен басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысты бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 67 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы