Павлодар облысында бір айдан астам уақыт хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды

Фото: Zakon.kz
12 қаңтарда Ақсу қаласының полициясына Май ауданында тұратын бауырын іздеп жүрген туыстары көмек сұрап жүгінді. Олардың айтуынша, ер адам жалақысын алғаннан кейін жоғалып кеткен.

Полиция дереу жоғалған ауыл тұрғынын іздестіру шараларын ұйымдастырып, оны табу үшін облыстың жеке құрамын жұмылдырды.

"Іздеу шараларын жүргізу барысында 2 наурыз күні ер адам Май ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен табылды. Ол сол жерде жұмысқа орналасқан. Жақындарымен байланысқа шықпау себебі – телефонының болмауы. Қазіргі уақытта ер адам туыстарына тапсырылды", – деді Павлодар облысы полиция департаменті.

Полиция әрбір хабар-ошарсыз кеткен азаматты іздестіру шараларына мүмкіндігінше көп қызметкерлер, қосымша күштер, қоғам өкілдері мен еріктілерді жұмылдыруды қамтамасыз етеді.

Жоғалған адамдарды іздеу кезінде ең маңызды фактор – полицияға уақытында жүгіну, жоғалу уақыты, орны және оған дейінгі себептер туралы толық ақпарат беру.

Мұндай жағдайларда барлық мәліметтер маңызды болуы мүмкін. Жақындарыңыз бен туыстарыңыздың сезіміне бей-жай қарамауды, олармен байланыста болуды және өзіңіздің жүрген жеріңіз туралы хабарлап отыруды сұраймыз.

Қазақстан
Алматы
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты