"Матрешка" схемасы: қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді

Сурет: freepik
Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді. Ол "матрешка" схемасы деп аталады. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

2025 жылдың 3 наурызындағы aqparatsaqsysy Telegram арнасының ақпаратына сүйенсек, схема стандартты, алайда бірқатар ерекшеліктері де жоқ емес.

Сонымен, алаяқтар құрбандарына өздерін ұялы байланыс операторының, eGov порталының және әртүрлі қаржылық немесе құқық қорғау ұйымдарының қызметкерлерінің атымен таныстырады. Бір қызығы, әрқайсысы алдыңғы сұхбаттасушыны "алаяқ" деп айыптайды.

Әдеттегідей, олар құрбандарынана SIM картаның жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін айтып, оны "ұзарту" үшін SMS кодты айтуды сұрайды.

Артынша, электронды үкіметтің операторы қоңырау шалып, ол алаяқтар оның eGov-тағы жеке кабинетін бұзып, түрлі МҚҰ-да несие алу үшін оның жеке деректері мен ЭЦҚ-сы ұрланғанын айтады. Осылайша, ол да жеке деректерді немесе SMS кодты айтуды сұрайды.

Келесі кезекте, жәбірленушіге МҚҰ, ІІМ немесе ҰҚК қызметкерлері қоңырау шалып, бұрынғы сұхбаттасушылардың барлығы алаяқтар болғанын, енді оларда несие алуға және жәбірленушінің ақшасын аударуға барлық қаражат, деректер мен құқықтар бар екенін хабарлайды. Сондықтан олар барлық қолма-қол ақшаны "қауіпсіз" шотқа аударуды ұсынады және олар алаяқтар ақшаны ұрлап, несие ала алмауы үшін Egov-да жәбірленушінің банктік шоттары мен жеке кабинеті бұғатталғанын айтады.

Осы көп деңгейлі схеманың нәтижесінде жәбірленушілердің ақшасы алаяқтардың қолына түседі, кейбір жайттарда несие де рәсімдейді.

Telegram арнаның мамандары келесідей ескертеді:


"Стресстік жағдайларда әрқашан салқынқанды ойлаңыз", – деп қорытындылады олар.

Бұған дейін ҚМА қаржы пирамидасының негізгі белгілері жайлы айтып берген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді