Қаржы пирамидасының негізгі белгілері: ҚМА маңызды мәлімдеме жасады

Мошенничество, мошенники, мошенник, мошеннические схемы, вид мошенничества, финансовая пирамида, сетевой маркетинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 14:58 Фото: freepik
Қаржы мониторингі агенттігі 2025 жылғы 3 наурызда Қазақстанда қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактілері жиілеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, тек 2024 жылы 19 жаңа "жалған қаржылық" жобаның қызметі тоқтатылды.

"Әлеуметтік желілерде қаржы пирамидасының белгілері бар 1,5 млн аудиторияны қамтыған 300-ден астам чат жабылды. 15 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды", – делінген ақпаратта. 

Ведомство азаматтарды ақша салмас бұрын қаржы пирамидасын сипаттайтын белгілерге назар аударуға шақырды:

  1. Жоғары пайда туралы уәде - пассивті кіріс. Егер сізге кірістің жүздеген пайызы ұсынылса, онда сізге ойланып көрген жөн. Өйткені, Ұлттық банктің ресми базалық мөлшерлемесі – 15,25%.
  2. Міндетті түрде жаңа клиенттерді тарту. Сізге жақсы бонустар түсу үшін таныстарыңызды, туыстарыңызды, әріптестеріңізді шақыру ұсынылады. 
  3. Интернеттегі белсенді ығыр қылатын жарнама. Әлеуметтік желілерде оңай табыс табу туралы ұсыныстар жиі кездеседі. Мұнда шетелдегі перспективалы жобаларға инвестиция салу ұсынылады. Бұл ретте мессенджерлерді қоспағанда, шетелдік ұйымдастырушымен тікелей байланыс болмайды.
  4. Компания Қазақстанда тіркелмеген немесе жақында ғана тіркелген. Ақша тартуға лицензиясы жоқ. Мұндай лицензиаттардың тізімі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (АРРФР) сайтында орналастырылған.
  5. Заңды сүйемелдеу жоқ. Нақты шарттың болмауы немесе оның тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігінсіз жасалуы. 
  6. Салымдар қолма-қол, криптовалюта немесе төлем жүйелері арқылы қабылданады. Чектер мен өзге де төлем құжаттары ұсынылмайды.
"Құрметті азаматтар, қырағы болыңыздар және өз жинақтарыңызды күмәнді қаржылық жобаларға салмаңыздар". ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомство анықтаған қаржы пирамидаларының тізімімен ресми сайттан таныса аласыз. 

Компанияны тексеру үшін BAIQA piramida ҚМА Telegram-боты жұмыс істейді.

Бұған дейін Қазақстанда жасанды интеллект негізінде қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры құрылатындығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: