Қазақстанда жұмыс уақыты қалай реттеледі және үстеме жұмысқа ақы қалай төленеді

Фото: freepik
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі қызықты мәлімдеме жасады. Онда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Бибарыс Тәңірбергенұлы жұмыс уақыты қалай реттелетіндігін және үстеме жұмысқа ақы қалай төленетіндігін айтып берді.

Маманның айтуынша, ҚР Еңбек кодексінің 68 бабына сәйкес қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы керек.

Ал, 79 бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген мерзімінің есебін жүргізуге міндетті. Жұмыс істеген және істемеген уақыт есепке алынуы тиіс. Бұл ретте, үстеме жұмыс уақыты, түнгі уақыттағы жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс, сондай-ақ іссапарға кеткен уақыт бөлек ескеріледі. 

ҚР Еңбек кодексінің 78 бабына сәйкес үстеме жұмыс тәулігіне екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда еңбек жағдайлары, зиянды және қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс. Үстеме жұмыс айына он екі сағаттан, ал айына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс. Бұл сағаттар жұмыскерге жоғары мөлшерлеме арқылы жүргізіледі. 

Бұған дейін Мәжілісте жасанды интеллект туралы заң жобасы таныстырылғардығы хабарланған болатнын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды