Маңғыстаулық әйелдер 8 наурыз қарсаңында біржолғы әлеуметтік төлем алады

Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысында 8 наурыз қарсаңында әйелдерге біржолғы әлеуметтік төлем төленеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

lada.kz ақпаратынша, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен 8 наурыз мерекесіне орай "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, сондай-ақ бұрын "Батыр ана" атағын, I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденін алған көп балалы аналарға төлемдер жоспарлануда.

"2 АЕК (7 864 мың теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмекті 12 686 әйел алады, оның жалпы сомасы 99,7 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ барлық топтағы мүгедек адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға, I, II, III топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде төлем есептелген. Оны 654,6 млн теңге сомасына 33 300 адам алады",- делінген ақпаратта. 

Бұл жәрдемақылардың барлығы Наурыз мерекесінде төленетіні атап өтілді.

Бұған дейін Шымкентте полицейлер көпбалалы әкенің өмірін сақтап қалғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін