Шымкентте полицейлер көпбалалы әкенің өмірін сақтап қалды

Шымкентте көлік жуу орталығына барған полиция экипажы төтенше жағдайдың үстінен түскен. Есікті қақпаған орталыққа бас сұққан инспекторлар Жұмахан Шымырбаев пен Жандос Сүлейменов қалың түтін бөккен ғимарат ортасында киімі жанып, ес-түссіз жатқан ер адамды көрген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлер азаматты сыртқа шығарып, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Көп ұзамай бес баланың әкесі дәрігерлердің қолына тапсырылды.
"Осылайша, тәртіп сақшыларының жылдам әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Жалын еденге құлаған ауа жылытқыштан шыққаны анықталды", делінген полиция хабарламасында.
Полиция азаматтарды осыған ұқсас құрылғыларды қолданған кезде мұқият болуға және жазатайым оқиғаны болдырмау үшін барлық сақтық шарасын қатаң сақтауға шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript