Полиция қызметкері өз өмірін қатерге тігіп, бір отбасыны өрттен құтқарып қалды
Сурет: polisia.kz
1 наурыз күні таңғы уақытта Байғанин ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Әділ-ҚаҺар Кәдіров жұмысқа бара жатқан. Сол уақытта көршісінің үйінен қалың түтін шыққанын көрген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел әрекет етіп, шырт ұйқыда жатқан үй иесін оятып, кәмелетке толмаған үш баланы сыртқа алып шығады.
Сурет: polisia.kz
Ең кішкентай, 5 жасар баланы алып келе жатып түтінге тұншығып есінен танып қалған. Осы уақытта өрт сөндірушілер мен дәрігерлер келіп көмектескен.
Полиция қызметкері шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ержүрек тәртіп сақшысының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript