Рудныйда полицейлер тұрғыннан 8 келіге жуық гашиш тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оның Рудныйға есірткі заттарын жеткізу арнасын ұйымдастырғаны және оларды есірткі тұтынушыларға аз мөлшерде өткізумен айналысқаны анықталды.

Тінту барысында ұсталған адамның үйінен жасыл түсті заты бар 124 қағаз орамы, жасыл түсті заты бар 4 полиэтилен пакеті және электрондық таразы тәркіленді.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат – 8 келіге жуық гашиш. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін шаралар қабылданып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты