Қазақстандық қамқоршыларға жақсы жаңалық

Сурет: ҚР "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі
Қамқоршылық тағайындау қызметі eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы 2025 жылғы 6 наурызда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәлімдеді.

"Енді eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылық пен қорғаншылық белгілеу қызметі қолжетімді. Жаңа қызмет өтініш беру процесін айтарлықтай жеңілдетіп, қағаз түріндегі құжат айналымын жояды және жалған мәліметтерді ұсыну қаупін азайтады. Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі",- делінген ақпаратта.

Кәмелетке толған азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы сот шешімімен жүзеге асырылады. Осы шешім негізінде болашақ қорғаншы немесе қамқоршы eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы қамқоршылық белгілеу туралы өтініш бере алады.

Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін:

Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында пайдалану үшін:

Өтініш бергеннен кейін, пайдаланушының Жеке кабинетіне тиісті бұйрық немесе дәлелді бас тарту жөнелтіледі. Қызмет көрсету мерзімі – 19 жұмыс күні.

"Сонымен қатар, өтінішті қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында қажетті құжаттарды тапсыру арқылы да беруге болады",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін алтын құймаларының бағасы 1,5 есе қымбаттағаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды