Алтын құймаларының бағасы 1,5 есе қымбаттады

Золотые слитки, золотой слиток, золото, накопления, сбережения, слитки из золота, слиток, слитки, мерные слитки, мерный слиток, инвестиционное золото, стоимость золота, цена золота , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2025 13:20 Фото: pexels
Алтын құймаларының бағасы соңғы 2 жылда 1,5 есе өскен. Осылайша алтынға инвестиция жасағандар 41% пайда көріп отыр.

Алтын алу да инвестицияның бір түрі. Бірақ ол сізге 2-3 айда пайда әкеле қалады десеңіз, қателесесіз. Айналымда ұзақ жатқанда ғана еселеп қайтады. Әлбетте, нарықтағы бағасын бағамдап отыру маңызды. Экономистер "алтын бар жерде тәуекел барын" ескертеді.

"Бір ғана бағытқа, тұрғын үйге немесе көлікке ақшасын сала беретін болса, болашақта банкротқа ұшырап қалу қаупі жоғары. Менің қосымша 1 млн артық ақшам болса, мен оны жастықтың астына тығып қойғаннан гөрі, оны әртараптандыруым керек. Ең қарапайым түрі – алтын. Алтын теңгелі депозит сияқты тез табыс әкелмейді. Бірақ ол тұрақты валюта. 10 жылдан кейін де алтынның бағасы қымбаттамаса арзандамайды. Ол да біздің тәуекелімізді тиімді жұмсауға мүмкіндік береді." Бауыржан Ысқақов, экономист

Алтын құймаларын алу мен сақтаудың бірнеше жолы бар. Бірі, бағалы металлға инвестиция ретінде арнайы шот ашу. Мұндайда ол қолыңызға тимейді, банктің өзінде сақталады. Ал екінші жолы, банкке алдын ала хабарласып, өтініш беріп, алтын құймасын қолыңызға алу. Бірақ оның қаптамасын ашсаңыз, бірден құнын жоғалтуы мүмкін. Ал сатар болсаңыз, кез келген банкке яки айырбастау пуктіне өткізе аласыз, деп жазады qazaqstan.tv.

Бүгінге дейін әлемде 187 мың тонна алтын өндірілген. Жер жаһандағы алтынның қоры 244 мың тоннаға жуық.Сондықтан сарапшылардың пікірінше, бұл бағалы түсті металлға сұраныс артпаса кемімейді. Тек ақшаңызды еселеу үшін нарықты мұқият зерттеген жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: