Әлем нарығында алтын бағасы 1 пайызға арзандады

Золотые слитки, золотой слиток, золото, накопления, сбережения, слитки из золота, слиток, слитки, мерные слитки, мерный слиток, инвестиционное золото, стоимость золота, цена золота , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 10:37 Фото: пресс-служба Национального банка РК
Әлем нарығында алтын бағасы соңғы екі аптадағы ең төменгі деңгейге түсті. Соңғы мәліметке қарағанда, оның құны 1 пайызға арзандаған.

Сарапшылардың ойынша, алтын бағасының түсуіне халықаралық саудадағы шиеленістің жеңілдеуі мен доллардың күшеюі себеп.

Бұған дейін бүкіл әлем үшін тарифті көтерген АҚШ президенті енді, Үндістанмен, Жапониямен, Оңтүстік Кореямен, тіпті Қытаймен де сауда келісімін жасау ниетін байқатып отыр.

Айта кетсек, Трамптың тариф саясаты жаһан экономикасына құлдырау қаупін төндірді.

Салдарынан өткен айда инвесторлар активтерін алтынға салып, бұл металлдың нарқы 3500 долларға дейін көтерілгені белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: