Әлем нарығында мұнай бағасы өсті
Фото: pexels
Әлем нарығында мұнай бағасы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейден қайта өсе бастады.
Brent маркасының құны 1,3 пайызға өсіп, 68 жарым долларға жеткен. Ал техастық сұрып 66 доллар 8 центке дейін қымбаттады, деп жазады qazaqstan.tv.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай нарқының өсуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесі себепші.
Өткен тәулікте Ақ үйдің қожайыны Ресей мұнайын сатып алғаны үшін Үндістан тауарларына тарифті көтеретінін ескертті.
Айта кетсек, Қытай тәрізді Үндістан да Ресей энергиясын ең көп импорттайтын елдер қатарына кіреді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript