Әлемде мұнай бағасы өсті

Мұнай өңдеу зауыты салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 14:09 Сурет: pixabay
Әлем нарықтарында мұнай бағасы өсе бастады. Соңғы мәліметтерге сай, BRENT сұрыпты қара алтын 5 долларға қымбаттаған.

Қазір оның бағасы 85 доллардан жоғары. Бұған OPEK+ елдерінің мұнай өндіруді тәулігіне миллион баррельге қысқарту туралы шешімі себеп, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұған сай Сауд Арабиясы қара алтын шығаруды тәулігіне 500 мың баррельге, Ирак 211 мың баррельге, ал Қазақстан 78 мың баррельге қысқартпақ.

Еліміздің энергетика министрлігінің ақпаратына сай, бұл бағыттағы жұмыс мамыр айынан бастап жыл соңына дейін жалғасады. Айта кетсек, әлемде шығарылатын мұнайдың 40 пайызы ОPEK+ елдерінің еншісінде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: