Семейде әскери қызметші қараусыз қалған бес жасар қызды аман алып қалды

Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Абай гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметшісі майор Саят Оразбаев жол ортасында қараусыз қалған бес жасар қызды құтқарып, табандылық пен батылдық танытты.

Әуезов алаңына қарама-қарсы жерасты өткелінен шыққан Саят Оразбаев жолдың ортасында тұрған кішкентай қызды байқап қалады. Ол еш ойланбастан, балаға қарай жүгіріп барып, асқан жылдамдықпен оны қауіпті аймақтан алып шығарды. Осылайша әскери қызметші қайғылы жағдайдың алдын алды.

"Баланың жолдың ортасына қалай шығып кеткенін байқамадым Қолында қуыршағы бар екен. Жағдайды бірден бағамдап, бала үшін бәрін мүмкіндігінше тез әрі қауіпсіз жасауға тырыстым", – деді майор Саят Оразбаев.

Қыз бала жақын жердегі полиция бөлімшесіне жеткізіліп, ондағылар бүлдіршіннің ата-анасын іздеуге кірісті.

Әскери бөлім басшылығы майор С. Оразбаевқа бала мен жүргізушілер үшін қауіп туғызған жағдайды қауіпсіз шешкені үшін алғыс білдірді.

Майор Саят Оразбаев әскери бөлімде өткен жылдың ақпан айынан бері қызмет етіп келеді. Ол отбасында екі бала тәрбиелеп отырған әке.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Вице-премьер Аида Балаева мәйіттік донорлыққа келісім беретінін мәлімдеді

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді