СҚО-да шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқан жұмыс берушілер жауапқа тартылды

Фото: polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланған 5 жұмыс берушіні жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында полиция базарлар мен құрылыс нысандарын, ауылшаруашылық кәсіпорындарын, жеке шаруашылықтарды, сондай-ақ шетелдіктер еңбек ететін және уақытша тұратын басқа да орындарды тексеруде.

11 наурыздан бастап облыста "Заңсыз келуші — 2025" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Мақсаты – Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау.

Операцияға көші-қон қызметінің мамандарымен қатар облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары да жұмылдырылған. Бүгінде облыста 6 мыңнан астам шетелдік азамат және шамамен 4,5 мың уақытша тұруға рұқсаты бар адам тіркелген.

Екі айдың ішінде облыс полицейлері 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтардың бірі – Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзу, бұл үшін 200-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар 77 облыс тұрғыны шетелдік қонақтарды қабылдағаны туралы уақытылы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ бес жұмыс беруші шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады