БҚО-да полиция жалған мемлекеттік нөмір таққан 7 жүргізушіні анықтады

Фото: Zakon.kz
Жыл басынан Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті қалалық және облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс аумағында көлік құралдарын жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерімен басқарудың 7 фактісін анықтады.

Автокөлік жүргізушілерінің әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3 және 4-бөліктері бойынша екі әкімшілік хаттамадан толтырылды. Ұсталған жүргізушілердің арасында облыс орталығының және ауыл тұрғындары болды.

Олар Газель, 5 түрлі маркалы ВАЗ және бір Toyota автокөлін басқарған. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі бойынша көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату – жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару – бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға және бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды