Алматыда тонаумен айналысқан 26 күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда танысу сайттары арқылы ер адамдарды алдап, тонап келген күдіктілер тобы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаскөйлердің әрекет ету схемасы қарапайым, бірақ олар үшін өте тиімді болған: қыздар танысу сайттарында ер адамдардың назарын аударып, оларды жеке кездесуге шақырған.

Кездесу барысында сыбайластары кенеттен шабуыл жасап, жәбірленушілердің ақшасы мен бағалы заттарын тартып алған.

Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында осындай алты қылмыс жасағанын мойындаған 26 күдікті ұсталды.

"Күдіктілердің барлығы қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Мұндай әрекеттер тек құрбандарға ғана емес, жалпы қоғамға үлкен қауіп төндіреді", – деді Исаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін полиция танысу сайттарын өздерінің қылмыстық әрекеттеріне пайдаланатын қылмыстық топтардың белсенділігі туралы ескертіп, интернет арқылы танысқан кезде сақ болуға шақырған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді