Атырауда мал жаю қағидаларын бұзған 17 адам жауапқа тартылды

Сурет: ҚР ІІМ
11-31 наурыз күндері аралығында мал ұрлығының алдын алуға, оларды жасауға қатысы бар адамдарды анықтап, ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған республика көлемінде "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шара аясында қала аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 15 автокөлік және ет өнімдерін сататын 30 орын, 28 шаруа қожалықтары тексерілді.

Шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және ұжымдық шаруа қожалықтарына тексерулер жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен 14 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, 170 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.

Ал Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған 3 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, 120 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді