Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа жіберілді

Сурет: primeminister.kz
2025 жылдың 19 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа жіберілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz .

Ол бұрынғы министр Бекетаевқа және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық, аса ірі көлемдегі ұрлық және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын атап өтті.

"3 наурызда қылмыстық іс сотқа жіберілді", – деді Данияр Биғайдаров.

Іс бойынша тергеу құпия түрде жүргізілгені бұрын хабарланған болатын. 2023 жылдың 23 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың баспасөз қызметі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады. Кейінірек Бас прокуратура бұрынғы әділет министрінің елден шықпақ болған жерінде ұсталғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз