Найзағай мен қар: 24-26 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтіледі

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күн - 2025 жылдың 24-26 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

24 наурыз: аспан бұлтты, жаңбыр аралас қар, боран мен көктайғақ. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14, кейде тіпті 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°, күндіз -1...-3°.

25 Наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°, күндіз 0...+2°.

26 наурыз: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде-10...-12°, күндіз +5...+7°.

Алматы

24 наурыз: бұлтты,таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+ 9°, күндіз + 13...+ 15°.

25 Наурыз: аспан бұлтты, аздаған жауын-шашын жауады. Тұман түседі. Түнде ауа температурасы -1...+1°, күндіз +4...+6°.

26 наурыз: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°, күндіз +4...+ 6°.

Шымкент

24 наурыз: аспан бұлтты, күндіз қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 8-13 м/с, кей тұста – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°, күндіз +15...+17°.

25 Наурыз: аспан бұлтты, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 8-13 м/с, күндізгі екпіні – 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +6...+8°, күндіз +10...+12°.

26 наурыз: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°, күндіз +8...+10°.

Бұған дейін Алматы облысында қар көшкіні жүріп, тас жолды жауып қалғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз