Қазақстан ірі су қоймаларынан суды неліктен жібереді

Хабарламадан белгілі болғандай, министрлік тасқын суларды қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық облыстарындағы ірі су қоймаларынан су жібереді.  2025 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша: Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су қоймаларындағы жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламадан белгілі болғандай, су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.

24 наурыз күнгі жағдай келесідей:

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 1,50 текше метр, Сілеті су қоймасынан 300 текше метр, Шағалалы су қоймасынан 0,5 текше метр су жіберілуде.

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,5 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 65 %-ға толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 494 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 532 текше метр су жіберілуде.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 659 текше метр су жіберілуде.

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 13,9, Бітік су қоймасынан секундына 11,0 текше метрден, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 8,5 текше метрден су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 10 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 5 текше метр және Шерубай-Нұрадан 13,7 текше метр су жіберілуде.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 10,4 текше метр су жіберілуде.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 476,8 текше метр, Петропавл су қоймасынан 72,36 текше метр су жіберілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Дропперлер деген кім және олардың алаяқтық әрекеттері қандай

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қонаевтың балалық шағы қайда өтті

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар