"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша алматылықтардан түскен өтінімдер саны 18 есе өсті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының дамуындағы маңызды бағыт "Халық қатысатын бюджет" жобасы (ХҚБ) болып табылады, онда қала тұрғындары өтінім береді және іске асыру үшін тиісті жобаларды таңдайды. 2024 жылы ХҚБ аясында 18,8 млрд теңге сомасына 364 жоба іске асырылды, деп хабарлайды қалалық қаржы басқармасы.

Бұл ретте алматылықтардан берілген өтінімдер саны "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы іске қосылған 2019 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 18 есеге өсті. Содан кейін тұрғындардан барлығы 333 жобалық ұсыныс келіп түсті, ал 2024 жылы – 6118 өтінім. Оның ішінде өткен жылы дауыс беруге 1402 жоба және іске асыруға – 316 жоба жіберілді.

Айта кетейік, үш жыл ішінде Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында 39,1 млрд теңгеге 938 жоба іске асырылды. ХҚБ жобаларына 2025 жылға арналған қала бюджетінде 17 млрд теңге қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, осы бағдарлама аясында тұрғындардың өздері абаттандыру идеяларын ұсынады, оларды жоба деңгейіне дейін пысықтайды, содан кейін онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды таңдайды. ХҚБ бағдарламасының арқасында Алматыда жаңа саябақ-жағалау аймақтары, қоғамдық кеңістіктер құрылуда, ескі аулалардың келбеті жақсаруда, жаяу жүргіншілер аймақтары, балалар алаңдары, аллеялар және басқа да нысандар абаттандырылуда.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды