Маман: Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі жоғары

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Елімізде оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі жылдан жылға көтеріліп келеді. Халықаралық KGL Contest олимпиадасын ұйымдастырған сарапшылар осылай деп отыр.

Алғаш рет өткен сайыста еліміздің әр аймағынан 2 700-ге жуық бала өтініш білдірген. Оның ішінде – Алматы мен Қызылорда қалалары көш бастап тұр, дейді мамандар.

Үш кезеңнен тұратын жарысқа 9 бен 17 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады. Олар жасына әрі шет тілін білу деңгейіне қарай топқа бөлініп, тест тапсырады, деп жазады qazaqstan.tv.

Олимпиаданың бірінші кезеңінен өткен 530 шәкірт келесі межеге жолдама алды. Ал үшінші турда жеңіске жеткен үздіктер қазан айында Афинада өтетін олимпиадаға барады.

"Оқушылардың көпшілігі ортаңғы деңгеймен шығып отыр. В1-В2 ол өте жақсы көрсеткіш. Әрине, біздің әзірлеп жатқан бағдарламамыз бен оқулықтарымыздың көмегі тиген шығар деп ойлаймын. Бұл олимпиада баланың дегейін ғана анықтамайды, бұл жерде балаға мотивация береді." Сәуле Әлімғазы, ағылшын тілі мұғалімі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі