2025 жылы Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Биыл Алматыда Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы аясында 87 226 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оның 84%-ы немесе 73 293-і тұрақты болады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында хабарлады.

Жұмыспен қамту шаралары 32 мың адамды қамтиды. Олардың ішінде 10,6 мың адам тұрақты жұмысқа орналасады, 8,7 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберіледі.

Оқу бағдарламаларына, оның ішінде enbek.kz платформасында қысқа мерзімді курстардан өтіп жатыр. "Бастау Бизнес" жобасына қатысуға 7 мың адам тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, кейбір алматылық кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында 400 АЕК-ке дейінгі грант алуы мүмкін.

Айта кетейік, 2024 жылы Алматыда 84,7 мың жұмыс орны ашылған. Халықты жұмыспен қамту бойынша белсенді шаралардың арқасында қаладағы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан 4,6%-ға төмендеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін